Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды
ашық дереккөзі
Елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің үш адамды құтқарған тұрғын үйдегі өрттің неден шыққаны анықталды деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаһарман» тұрғын үй кешенінде (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14) болған өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған», - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден үш адамды аман алып қалған болатын. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілердің өздерін де күйік шалған. Дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірі үшін үш күн бойы күресті. Өкінішке қарай, өжет азамат аурухана төсегінде көз жұмды.