Жаңалықтар

Үлескерлер қаржысын жымқырған құрылыс компанияларының ісі сотқа жолданды

ашық дереккөзі

Үлескерлер қаржысын жымқырған құрылыс компанияларының ісі сотқа жолданды

Астана қаласының прокуратурасы үлескерлер қаражатын жымқырған құрылыс компаниялары басшыларына қатысты істі сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Астана қаласының прокуратурасы елорда аумағындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына салынған азаматтардың қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық істердің тергелу барысын қадағалауда.Аталған іс бойынша Астана қаласы Ішкі істер департаменті тергеу жүргізген болатын. Оның барысында бірқатар компания басшыларына қатысты процессуалды шешім қабылданды. Атап айтқанда, компания басшылары қатарында «Алға Тоқболат» ЖШС (жетекші - Әлжан Е.Ә., нысан - Тұран - Сығанақ қиылысы); «ҚазГазАстана НС» ЖШС және «Алтын Сапа 2011» ЖШС (жетекші - Ахмедияров Д.К., нысандар - Қошқарбаев көшесі бойынша «Зере» және «Зере-2» ТК), сондай-ақ «НМ Астана Құрылыс» ЖШС (жетекшілер - Шәкіров Б.Т. және Жағыпаров Н.Т., нысан - Төлебаев көшесіндегі «Арыстан» ТК) бар», - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. Бұл кәсіпорын жетекшілерінің әрекеттерін қылмыстық тергеу органы ҚР Қылмыстық кодексінің 189, 190 және 250-баптары бойынша қылмыс деп таныды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық істерді елорда прокуратурасының органдары Астана қаласының сотына жіберді.