Жаңалықтар

Талғарда мектептен 1000-нан аса адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Талғарда мектептен 1000-нан аса адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Алматы облысы, Талғар ауданындағы №3 орта мектепке бомба қойылғаны туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты білім ордасынан 1000 оқушы, жүзге тарта оқытушы, 25 техникалық персонал эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап. Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабарлама мектептің электронды поштасына сағат 15:00 келіп түсті, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен саперлар шұғыл аттанды. «Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру үшін арнайы операция жүргізуде», - делінген хабарламада. Ресми жергілікті билік аталған оқиғаға қатысты, әзірге пікір білдірген жоқ. Эвакуациялау шараларының видеосы Kris_p_talgar парақшасында жарияланған болатын. Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)