Жаңалықтар

«TALQYLAU» партиялық алаңында сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады

ашық дереккөзі

«TALQYLAU» партиялық алаңында сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сарапшылар талқылауының тақырыбы президенттік сайлаудың қорытындысы тақырыбы болды. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, өткен сайлау қазақстандықтардың саяси мәдениетінің өскенін айғақтайды. «Биыл елімізде екі ірі саяси оқиға: жалпыхалықтың референдум және президент сайлауы болды. Егер 2021 жылы парламенттік сайлауда 7 миллионнан астам адам дауыс берсе, референдумға да, Президенттік сайлауға да 8 миллионнан астам адам қатысты. Бұл бүгінгі таңда қазақстандықтардың  мемлекетімізде болып жатқан барлық саяси процеске қатысуға және көптеген саяси мәселеде өзінің нақты пікірі бар екенін, елдің болашағына қатысты мәселелерді шешуде өз дауысының маңызды екенін түсінетінін айғақтайды», - деді  Жұлдыз Сүлейменова. Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары басқа кандидаттарға дауыс берген және «барлығына қарсы» бағанын таңдаған сайлаушылардың пікірін ескеруі маңызды деп санайды. «Жалпы, сол 1,5 миллионға жуық азаматтың пікірі міндетті түрде ескерілуі қажет. Олар ауылдық жерлерді дамыту, әйелдер құқығын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты және т.б. салалар бойынша саясаттағы өзгерістерді көргісі келеді», - деп атап өтті ол. Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, жуырда өткен сайлау азаматтардың билікке деген көзқарасының өзгергенін айқындап отыр. «Адамдар билікті қандай да бір қасиетті, қол жетімсіз дүние ретінде қабылдауды қоя бастады. Бұл ең алдымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нәтижесі. Осы тұжырымдама биліктің халыққа жақын болуын, онымен диалог құруын көздейді», - деді Мәдина Нұрғалиева. Сонымен қатар, ол биыл Қоғамдық саясат институты алғаш рет exit poll өткізгенін атап өтті. Оның аясында 74 қала мен 242 ауылда 600 сайлау учаскесі қамтылып, 620-дан астам сұхбат алушы мен супервайзер 75 мыңнан астам сайлаушыдан сұхбат алды.