«Бәріне қарсымын» бағанының қосылуы сайлаудың басты ерекшелгі болды – Ақан Әбдуалиев

«Бәріне қарсымын» бағанының қосылуы сайлаудың басты ерекшелгі болды – Ақан Әбдуалиев

«Бәріне қарсымын» бағанының қосылуы сайлаудың басты ерекшелгі болды – Ақан Әбдуалиев
ашық дереккөзі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуалиев 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауының нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
«Қазір әлемде геосаяси жағдай шиеленіскен кезде президент сайлауын өткізу – үлкен жеңіс. Бұл сайлаудың мәні де, мағынасы да зор. Ең бірінші ішкі және сыртқы саясатты реттеп алмай, мемлекеттің тасы өрге домаламайды. Сондықтан Мемлекет басшысы президент сайлауын өткізу, 7 жылдық мерзімді белгілеу, Конституцияға реформалар енгізу секілді маңызды шешімдерді қабылдады. Бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» деген бағанының қосылуы сайлаудың басты ерекшелгі болды. Бұл демократияға бастайтын шешуші қадамдардың бірі. Әркімнің өз ой-пікірі, болашақтан күтетін үміті бар. Ешкімге шектеу қойылған жоқ. Халыққа таңдау жасауға еркіндік берілді. Сайлаушылардың саны 11 950 485 болды. Соның ішінде 8 299 501 адам дауыс берді. Қазір бізді көп ел бақылап отыр. Себебі әлемдік аренада Қазақстанның өз орны бар. Бұл науқан тарихымыздағы айтулы оқиғалардың бірі болып қалары сөзсіз», - деді Ақан Абдуалиев.