«Қазфосфаттағы» даулы мәселе: 200-ге жуық жұмысшы наразылыққа шықты

«Қазфосфаттағы» даулы мәселе: 200-ге жуық жұмысшы наразылыққа шықты

«Қазфосфаттағы» даулы мәселе: 200-ге жуық жұмысшы наразылыққа шықты
ашық дереккөзі
23 қараша күні Таразда «Қазфосфаттың» жұмысшылары наразылыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz. «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалы маңында 200-ге жуық қызметкер жиналған. Олардың айтуынша, кәсіпорын басшылығы жұмысшыларды балағаттаған. Сонымен қатар қызметкерлер зауытта еңбек қауіпсіздігі сақталмайтынын айтып, қордаланған мәселені де көтерген.
«Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік болған», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда кәсіпорындағы ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауына алынды.