АҚШ-та 30 жыл бұрын мұздатылған эмбриондардан егіз дүниеге келді

АҚШ-та 30 жыл бұрын мұздатылған эмбриондардан егіз дүниеге келді

АҚШ-та 30 жыл бұрын мұздатылған эмбриондардан егіз дүниеге келді
ашық дереккөзі
Егізге Лидия-Энн және Тимоти-Рональд Риджуэй деп ат қойылды. Олар Теннеси штатында 30 жыл бойы мұздатылған эмбриондардан дүниеге келген деп хабарлады turkystan.kz azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап. Эмбриондар қоймада 1992 жылдың 22 сәуірінен бастап сұйық азотта, яғни -128C температурада жатқан. Ал биыл 31 қазанда жасанды жолымен ұрықтандыру арқылы балалар дүние есігін ашқан. 2007 жылға дейін эмбриондар АҚШ-тың батыс жағалауындағы зертханада сақталды. Кейін Теннесси штатындағы NEDC-ке тапсырылған. NEDC ұйымының хабарлауынша, мұздатылған эмбриондарды сақтау уақыты шектеулі емес. Бірақ 100 жыл бұрын пайда болған ұрықтан балалардың дүниеге келу ықтималдығы төмен. Мұздатылған эмбрионнан шыққан алғашқы бала 1984 жылы Австарлияда дүниеге келді.