Ыстамбұлдағы "Рейна" клубына шабуыл жасаған лаңкес ұсталды

Ыстамбұлдағы "Рейна" клубына шабуыл жасаған лаңкес ұсталды

Ыстамбұлдағы "Рейна" клубына шабуыл жасаған лаңкес ұсталды
ашық дереккөзі
Ыстамбұлдың Ортакөй ауданындағы түнгі клубтардың бірінде атыс ұйымдастырып, 39 адамды жер жастандырған лаңкес ұсталды. Бұл туралы NTV Haber хабарлады.
Арнайы операция жүргізген түрік полициясы лаңкесті Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында тірідей қолға түсірген. «Әбу Мұхаммед әл-Хорасани» деген лақап атты жамылған Абдулгадир Машариповты құрықтау кезінде оның 4,5 жастағы ұлы да қасында болған.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл түні Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына қарулы шабуыл жасалып, 39 адам құрбан болған еді. Лаңкес Калашников автоматынан оқ жаудырған. Ал бұл шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған болатын. Сонымен қатар алдын ала болжам бойынша бұл Өзбекстан не Қырғызстан азаматы деген болжамдар айтылған болатын.