Жаңалықтар

Тоқаев Арменияда өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады

ашық дереккөзі

Тоқаев Арменияда өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатысады

Бүгін, 23 қарашада Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті  өтеді. Саммитте Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян төрағалық етеді деп хабарлады turkystan.kz. ҰҚШҰ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады. Күн тәртібінде – халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылау.