Әлем чемпионаты: бүгін қай командалар алаңға шығады?

Әлем чемпионаты: бүгін қай командалар алаңға шығады?

Әлем чемпионаты: бүгін қай командалар алаңға шығады?
ашық дереккөзі
Катарда футболдан ХХІІ Әлем біріншілігі жалғасып жатыр. 23 қараша күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан әлем чемпионатының төрт кездесуін тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлады turkystan.kz. 15:50. Qazsport. Марокко – Хорватия - Есей Жеңісұлы, Виктор Кирилюк; 18:50. Qazsport. Германия – Жапония - Әлімжан Асқар, Сергей Райлян; 18:50. Qazaqstan. Германия – Жапония -  Жандос Байділдә, Уәлихан Қосанбай; 21:50. Qazaqstan. Испания – Коста-Рика - Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан; 00:50. Qazsport. Бельгия – Канада - Уәлихан Қосанбай, Димаш Тулегенов. Әлем чемпионаты матчтарының қарсаңында студиялық бағдарламалар ұсынылып, спорт жұлдыздары, мамандар, сарапшылар, кәсіпқой спортшылар ойын ортаға салады. Сонымен қатар Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында футбол жанкүйерлеріне арналған түрлі байқаулар ұйымдастырылады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының журналисі Ерсін Ерік Катардан тікелей байланысқа шығып, жаһандық доданың соңғы жаңалықтарымен бөліседі.