Универсиада жеңімпаздары 5 миллион теңгеге жуық сыйақы алады
Универсиада жеңімпаздары 5 миллион теңгеге жуық сыйақы алады
Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Универсиадада жеңіске жеткен спортшылар 5 млн теңге шамасында сыйақы алатынын хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, 1-ші орын алған спортшыға - 4 млн 900 мың теңге, 2-ші орын алғандар - 3 млн 300 теңге, ал 3-ші орын үшін - 1 млн 600 мың теңге табысталады.
Сондай-ақ Универсиада-2017 ресми сайтынан мәлім болғанындай, халықаралық жарыстар кезінде дрондарды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы рұқсаттың негізінде ғана пайдалана алады.«Алматыда өтетін Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада-2017 шарасына дайындық және өткізу дирекциясы» қауіпсіздік департаментінің өкілдері жарыстардың өтетін уақытында және Универсиаданың ашылу және жабылу рәсімдерінде бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (дрондар) пайдалану ережелерін түсіндірді.
Яғни, спорт нысандарында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолданудың қатаң ережесі болады. Дрондарды қолдануға рұқсат алу үшін БАҚ өкілдері аталған рәсімді Алматы қаласының әкімдігі мен Мемлекеттік күзет қызметімен келіседі. Аталған органдармен келісілген соң, дрондардың пайдаланылатындығы жөніндегі ақпаратты дирекцияның баспасөз қызметіне жеткізу керек.