Мәжілісте жаңа депутат ант берді

Мәжілісте жаңа депутат ант берді

Мәжілісте жаңа депутат ант берді
ашық дереккөзі
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Фуат Сатыбаев ант берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Фуат Сатыбаев.
Сонымен қатар жалпы отырыста Палата депутаттары Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 9 қарашада Ортсайлауком отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.