Үш күннен бері жауған жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Үш күннен бері жауған жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Үш күннен бері жауған жаңбырдан Алматы көшелерін су басты
ашық дереккөзі
Алматыда үш күннен бері жаңбыр жауып, қаланың төменгі жағында орналасқан аулалар мен көшелерді су басты деп хабарлады turkystan.kz. Қала әкімдігінің мәліметінше, 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын тіркелген. Шымбұлақта 20 сантиметрге дейін қар жауды. Төтенше жағдайлар департаменті желісі бойынша су басу бойынша шағым түспеген.
«Алайда, проблемалық учаскелерде, әсіресе Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды», - дейді Алматы әкімдігі.
Қала бойынша барлығы 52 техника, 27 мотопомп, 104 жұмысшы жұмылдырылды. Ал синоптиктердің хабарлауынша, қаладағы жаңбыр 25 қарашада тоқтайды.