2023 жылдан бастап қандай көліктер утильалымнан босатылады?

2023 жылдан бастап қандай көліктер утильалымнан босатылады?

2023 жылдан бастап қандай көліктер утильалымнан босатылады?
ашық дереккөзі
Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері 16 қарашада утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.  Мәлімет бойынша, құжат 2023 жылы қаңтардың ортасында күшіне енеді. Алайда ол жерде Президент заңдастыруды тапсырған шетелде тіркелген көліктердің бұл алымнан босатылатыны жазылмаған. 31 қазанда утиль алымы мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем алынатыны анықталды. Бұл шешім Салық кодексіне өзгеріс енгізу жобасында жарияланған. Экология министрлігі өкілдері Kolesa.kz редакциясына дайындалып жатқан құжат алдағы бірнеше жыл бойы қолданылатындықтан, тауарлар тізімін өзгертуге болмайтынын хабарлаған. Ал шетелде тіркелген көлікті заңдастыру жұмысы уақытша мәселе, оған жеке түзету жазылады. Қолда бар ақпарат бойынша, заңдастырылған көліктер 2023 жылы 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады.