ҮЕҰ жауапкершілігі артуы мүмкін
ҮЕҰ жауапкершілігі артуы мүмкін
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы ашық та айқын болуы тиіс.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында сала өкілдерімен кездескен Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Абзал Нүкенов мәлімдеді. Жиында әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында олардың онлайн-режимде қадағаланатыны сөз болды. Сондай-ақ министрдің орынбасары биыл атқарылатын жұмыс жоспарын нақтылау қажеттігін де ескертті. Жалпы, бүгінде өңірде 200-ден астам үкіметтік емес ұйым қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге ат салысып келеді.
Абзал Нүкенов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары:
- Бізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Оны орындауда ҮЕҰ сүбелі үлес қосуы тиіс деп есептеймін. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы үшін өзекті мәселелер өзге де өңірлерге ортақ. Сол себепті үкіметтік емес ұйымның жауапкершілігі жоғары болуы керек.