Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр

Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр

Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі
Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр. Ол 20 қарашада таңғы мезгілде үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оралмаған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жоғалып кеткен жігіт – Қызылқоға ауданының тұрғыны.
«Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылында тұратын 24 жастағы жігіт 20 қарашада таңғы сағат 05:00-де үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз. Оны іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан 37 адам 5 техникамен тартылды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Әзірге жоғалған жігітті іздеу жұмыстары нәтиже бермей тұр.