Жаңалықтар

Асқар Забикулиннің әйелі мен балаларына білім гранттары бөлінді

ашық дереккөзі

Асқар Забикулиннің әйелі мен балаларына білім гранттары бөлінді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz. «Ғылым және жоғары білім министрлігі Асқар Забикулиннің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол қызметтік борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде жанқиярлық және батырлық танытты. Өрт сөндірушінің қазасына байланысты жоғары оқу орындары басшыларына Асқар Забикулиннің отбасы үшін гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді», - деп жазылған ведомствоның хабарламасында. Оның бірі - Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті. «Аталған білім ордасы Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандықтарында ЖОО грантында оқуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Асқар Забикулиннің балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Сонымен қатар әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді. Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуға толық грантын AlmaU да бөлді. Ол грантты 2023-2026 жылдары қолдана алады», - деп жазылған ақпаратта. Еске салайық, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларының өтініші негізінде оларға конкурстан тыс білім беру гранты беріледі.