Сауд Арабиясы ұлттық құраманың жеңісіне байланысты демалыс жариялады

Сауд Арабиясы ұлттық құраманың жеңісіне байланысты демалыс жариялады

Сауд Арабиясы ұлттық құраманың жеңісіне байланысты демалыс жариялады
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентинаны (2:1) жеңгеннен кейін ел бойынша бір күндік демалыс жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Ел королі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд ертең, 23 қарашада экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының барлық қызметкерлері демалыс алатынын хабарлады. Сонымен қатар барлық студенттер мен оқушылар да демалады. Еске салайық, Сауд Арабиясы құрамасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының фавориттерінің бірі – Аргентинаны жеңіп кетті. Айта кетейік, бұл жеңіс аталған ел үшін әлем чемпионаттары тарихындағы төртінші жеңіс саналады.