Украина президенті Зеленский Тоқаевты құттықтады

Украина президенті Зеленский Тоқаевты құттықтады

Украина президенті Зеленский Тоқаевты құттықтады
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауында жеңіске жеткенімен құттықтады. Бұл туралы Зеленский Twitter әлеуметтік желісінде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонмен сөйлескенде кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтадым. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай дамытуға ниетті екенімізді білдірдім. Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айттым» деп жазды Зеленский Twitter-де.
 width=