Ауылға келген дәрігерге 2 млн теңгеге дейін көмек беріледі – Ажар Ғиният

Ауылға келген дәрігерге 2 млн теңгеге дейін көмек беріледі – Ажар Ғиният

Ауылға келген дәрігерге 2 млн теңгеге дейін көмек беріледі  – Ажар Ғиният
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылға жұмысқа келген дәрігерлерге төленетін көтерме жәрдемақының мөлшерін атады деп хабарлады turkystan.kz.
Министрдің айтуынша, қазір ауылдарда 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды.
«Ауылға келген әрбір дәрігерге 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер – Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстары 3-5 миллион теңгеге дейін бөледі», - деді Ғиният Үкімет отырысында.
Сондай-ақ жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, үш жыл ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ке ұлғайту көзделіп отыр. Бұл шара келесі жылдан бастап іске асады.
Сонымен қатар «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында келесі үш жылда жергілікті атқарушы органдар өңірде аса тапшы мамандықтар бойынша 4 мыңға жуық резидентура грантын бөлуді жоспарлап отыр.
Резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жоба да пысықталуда. Ғинияттың айтуынша, биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылдарға 444 дәрігер барды.