Халықтық коалицияның мүшелері Президент сайлауының қорытындысын қолдайды

Халықтық коалицияның мүшелері Президент сайлауының қорытындысын қолдайды

Халықтық коалицияның мүшелері Президент сайлауының қорытындысын қолдайды
ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға кірген қоғамдық ұйымдар Президент сайлауының қорытындысына қатысты пікір білдірді.

Мәселен, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі азаматтардың ауызбіршілігін айқындайды деп санайды.

«Қазақстандықтар сайлауда өз болашағы үшін таңдау жасады. Қоғамдағы өзгерістер үшін әрқайсымыз жауапкершілік жүгін арқалаймыз. Күні кеше өткен сайлау ел дамуына тың серпін береді», –  деп атап өтті ұйымда.

Қазақстанның Азаматтық Альянсы да осындай мәлімдеме жасап, сайлау қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткенін атап өтті.

«Бұл қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті арта түскенінің дәлеліне айналған адал әрі ашық сайлау болды. Бүгінде ел азаматтары үшін күрделі геосаяси жағдайда мемлекетті кім басқаратыны маңызды. Адамдар қолға алынып жатқан реформаларға қатысқысы келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтаймыз. Бұл –қазақстандықтардың өз Президентіне деген жоғары сенімінің жарқын көрінісі», делінген бірлестіктің мәлімдемесінде.

«QAZAQSTAN TEAM» жастар бірлестігі де жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысына қатысты өз ұстанымын білдірді.

«Халық Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформалары мен бастамаларын қолдап отыр. Бұл жарқын жеңіске азаматтарымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жеткізілді», деп атап өтті бірлестікте.