Орынбор қаласында қазақтың күйі күмбірлеп, әні әуеледі

Орынбор қаласында қазақтың күйі күмбірлеп, әні әуеледі

Орынбор қаласында қазақтың күйі күмбірлеп, әні әуеледі
ашық дереккөзі
Орынбор қаласындағы Мәдениет және спорт сарайында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық дамуының XVIII форумы аясында екі елдің дипломатиялық байланысының 30 жылдығына арналған кеш өтті.  Салтанатты іс-шара «Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі, Орынбор облысы Үкіметі қолдауымен ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаны «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы мен Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер құттықтау сөзімен ашып, кеш қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.  width= Абзал Сапарбекұлы мен Денис Паслер сөз арасында Қазақстан мен Ресей экономикалық тұрғыда стратегиялық сенімді серіктес, әлеуметтік салада ынтымағы жарасқан көрші, мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытында байырғы әріптес елдер екенін айрықша атап өтті. Аталған кешке Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі мемлекеттік ұлттық саясатты ақпараттық қамтамасыз ету комиссиясының жауапты хатшысы Андрей Худолеев және Әзербайжан, Башқұрт мәдени орталықтарының басшылары құрметті қонақ ретінде қатысты.  width= Концерттік бағдарламада Алматы қаласынан келген «Сазген сазы» фольклорлық этнографилық ансамблі мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары өнер көрсетіп, Орынбор ордасын қазақтың әнімен әлдилеп, күйімен тербетті.