Жаңалықтар

Орынбор қаласында қазақтың күйі күмбірлеп, әні әуеледі

ашық дереккөзі

Орынбор қаласында қазақтың күйі күмбірлеп, әні әуеледі

Орынбор қаласындағы Мәдениет және спорт сарайында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық дамуының XVIII форумы аясында екі елдің дипломатиялық байланысының 30 жылдығына арналған кеш өтті.  Салтанатты іс-шара «Отандастар қоры» КеАҚ, Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі, Орынбор облысы Үкіметі қолдауымен ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаны «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы мен Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер құттықтау сөзімен ашып, кеш қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Концерттік бағдарламада Алматы қаласынан келген «Сазген сазы» фольклорлық этнографилық ансамблі мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары өнер көрсетіп, Орынбор ордасын қазақтың әнімен әлдилеп, күйімен тербетті.