Аргентина құрамасы алғашқы ойында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды

Аргентина құрамасы алғашқы ойында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды

Аргентина құрамасы алғашқы ойында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші ойын күнінде сенсация тіркелді. С тобындағы Аргентина мен Сауд Арабиясы құрамалары арасындағы ойын фавориттердің күтпеген жеңілісімен аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.  Кездесу аргентиналықтардың шабуылымен басталды. Ойынның 10-минутында Месси пенальтиден гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Катардағы алғашқы голынан соң Лионель Месси төрт әлем чемпионатында гол соққан алғашқы аргентиналық футболшы атанды. Алғашқы таймда оңтүстік америкалық ойыншылар тағы да үш гол соққан. Бірақ төреші футболшылардың ойыннан тыс қалғанын меңзеп, голдарды есепке алмады. Ойынның екінші бөлігі бастала сала Сауд Арабиясы қарсылас қақпасына қатарынан екі доп соғып, Месси бастаған футболшыларды қиын жағдайда қалдырды. 48-минутта Салех Әл-Шехри, 53-минутта Салем Әл-Даусари мергендігімен көзге түсті. Мұнан кейін ойын барысында гол соғылған жоқ. Осылайша матч алдында аутсайдер саналған Сауд Арабиясы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайды еншіледі. Аргентина – Сауд Арабиясы – 1:2 (1:0) Гол соққандар: Месси 10 (пенальтиден – 1:0), Аль-Шехри 48 (1:1), Аль-Давсари 52 (1:2)  Ескерту қағазын алғандар: Аль-Малки 67, Аль-Болеахи 75, Аль-Давсари 79, Абдул-Хамид 82, Аль-Абид 88, Аль-Оваис 90+2  Бас қазы: Винчич (Словения)  22 қараша. «Лусаил Иконик» стадионы (Лусаил). 80 000 көрермен.