Президент сайлауын Қазақстанның саяси өміріндегі үлкен оқиға деп бағалау керек – Қуаныш Жиенбай

Президент сайлауын Қазақстанның саяси өміріндегі үлкен оқиға деп бағалау керек – Қуаныш Жиенбай

Президент сайлауын Қазақстанның саяси өміріндегі үлкен оқиға деп бағалау керек – Қуаныш Жиенбай
ашық дереккөзі
Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуаныш Жиенбай 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлау науқанының өту барысы туралы ойын айтты.
«Кезектен тыс өткен Президент сайлауын Қазақстанның саяси өміріндегі үлкен оқиға деп бағалау керек. Ел азаматтырның 70 пайызға жуығы дауыс берді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Алда Әділетті Қазақстанды құрғалы жатырмыз. Халықтың оған сенімі мол екенін белсенділігінен байқауға болады», - дейді Қуаныш Жиенбай.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинады. Жазушының айтуынша, бұл – үлкен жеңіс.
«Президент сайлауы елімізге оң әсер ететініне сенемін. Барша қазақстандықтар болып мемлекетімізді басқаруға лайықты Президентімізді сайладық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең көп дауыс жинағанына қуаныштымын. Енді Мемлекет басшысымен бірге Әділетті Қазақстанды құруымыз үшін белсене атсалысуымыз қажет», – деді ол.