Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
ашық дереккөзі
Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі ұзартылды. Бұл ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - деді баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетсек, 2022 жылғы мамырда бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болған еді. Ол кезде Мұхамедиұлы Ұлттық мұражайды басқарған болатын. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Оған қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.