Жаңалықтар

Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды

ашық дереккөзі

Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Австрия және т.б. елдерден келген журналистер бар. Кездесу қорытындысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізіп, онда сайлау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.