Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

Асқар Забикулинді жақындары соңғы сапарға шығарып салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде үш адамды құтқарып, жансақтау бөлімінде көз жұмған Асқар Забикулинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. 
«Бүгін Ақмола облысында өз өмірін құрбан етіп, азаматтардың өмірін сақтап қалған батырымыз Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Көкшетау қаласындағы орталық мешіттің жанында өтті. Таңертең Астана гарнизонынан 150-ге жуық адам келді. Асқармен қызметтес болған әріптестері батырдың рухына тағзым етті», - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Марқұмды ақтық сапарға аттандыру кезінде әріптестері сап түзеп, батырға құрмет көрсетті.