Жаңалықтар

Samsung Galaxy Note 7-нің жарылу себебін жуырда айтады

ашық дереккөзі

Samsung Galaxy Note 7-нің жарылу себебін жуырда айтады

Оңтүстіккореялық Samsung компаниясында жүргізілген тексерулер Galaxy Note 7 телефондарының жарылысы аккумулятордан болғанын болжауда, деп жазады Reuters. Дереккөздің мәліметінше, компанияның ресми түрдегі түсініктемесі 2016 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы шығарылғанға дейін бір күні бұрын - 23 қаңтарда жарияланатын болады. Смартфондардың ірі өндірушісі Galaxy Note 7-нің сәтсіздіктерін неғұрлым жылдам анықтауға тырысады, себебі, Samsung жақын уақытта жаңа Galaxy S8 телефонын таныстыратын болады, деп жазады Лайф. Инвесторлар мен сарапшылардың айтуынша, жарылыстардың сенімді әрі нақты себебін уақытылы түсіндіріп беру оңтүстіккореялық компания үшін аса маңызды. Бұл әрекеттер тұтынушылардың сенімін қалпына келтіруге көмектеседі.