Қазақстандықтар 10 айда Түркиядан 2 мыңнан аса үй сатып алған

Қазақстандықтар 10 айда Түркиядан 2 мыңнан аса үй сатып алған

Қазақстандықтар 10 айда Түркиядан 2 мыңнан аса үй сатып алған
ашық дереккөзі
Қазақстандықтардың Түркиядан үй сатып алуы 1,5 есе жиілеген. Бұл туралы Түркияның статистикалық деректеріне сүйене отырып дайындалған lsm.kz материалында жазылды деп хабарлады turkystan.kz.  Статистикаға назар аударсақ, биыл 10 ай ішінде Қазақстан азаматтары Түркиядан 2,2 мың тұрғын үй сатып алғанын байқауға болады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,6%-ға көп көрсеткіш. Ал 2015 жылдан бері азаматтардың Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алу белсенділігі 5 есе өсіпті. Осы жылы 10 ай аралығында Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктердің рейтингісінде Қазақстан 5-орында тұр. Көшбасшылар үштігінде Ресей (11,3 мың мәміле), Иран (7 мың мәміле) және Ирак (5,6 мың мәміле) бар. Бұған дейін Қазақстан топ-5 елдің қатарына кірмеген болатын. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда тұрғын үй сатып алу белсенділігі төмендеген. Ал жылжымайтын мүліктің бағасы уақыт өткен сайын қымбаттап жатыр.