Жаңалықтар

Уақытша тіркеу – тәртіп орнатады

ашық дереккөзі

Уақытша тіркеу – тәртіп орнатады

Халықты уақытша тіркеу туралы заң, ең біріншіден тəртіп орнатуға бағытталған, дейді Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Бұл заң белгілі бір деңгейде тəртіп орнатуға, кімнің қайда тұратынын анықтауға бағытталған. Яғни, халық заң аясында тіркелгені дұрыс», – деді Абаев. Бұл заңды өзге орган əзірлегенін, заңның негізгі мақсаты туралы айту Ақпарат министрлігінің міндетіне кірмейтіндігін айтып, дегенмен заңның басты мақсаты салық жинау емес екенін мәлімдеді. «Бұл тұстарын түгендеу біздің міндетіміз болмаса да, заңның бірінші кезектегі мақсаты — белгілі бір деңгейде тəртіп орнату екенін жəне салық жинау сияқты өзге жасырын тəсілдер жоқ екенін сеніммен айта аламын», – деді министр.