Жалғас Жұмағұлов UFC-де қанша табыс тапты?

Жалғас Жұмағұлов UFC-де қанша табыс тапты?

Жалғас Жұмағұлов UFC-де қанша табыс тапты?
ашық дереккөзі
Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кәсіпқой мансабын аяқтады. Vesti.kz спортшының топ-промоушндағы осыған дейін тапқан табысын есептеді деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсеткен 34 жастағы қазақстандық америкалық Чарльз Джонсонға (12-3) есе жібергеннен кейін мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Басылым мәліметінше, UFC-де Жұмағұлов алты жекпе-жек өткізген. Әрине, кірістің нақты көлемін есептеу мүмкін емес, бірақ ашық дереккөздердергі есеп бойынша төмендегідей: 1. Раулиан Пайваға қарсы жекпе-жек үшін 15,9 мың доллар (7,38 миллион теңге); 2. Әмір Альбазиге қарсы күресі үшін 13,5 мың доллар (6,26 миллион теңге); 3. Джером Ривераға қарсы жекпе-жек үшін 24 мың доллар (11,14 миллион теңге); 4. Манел Капамен жекпе-жек үшін 24,5 мың доллар (11,37 миллион теңге); 5. Джефф Молинаға қарсы жекпе-жек үшін 24,5 мың доллар (11,37 миллион теңге); 6. Чарльз Джонсонға қарсы жекпе-жек үшін 31 мың доллар (14,39 миллион теңге); Осылайша, қазақстандық шамамен 133,4 мың доллар (61,94 миллион теңге) табыс тапқан. Еске салайық, UFC-де екі жарым жыл өнер көрсеткен Жұмағұлов алты жекпе-жектің бірінде ғана жеңіске жеткен болатын.