Қазбек Сағын ММА турниріндегі жеңісін Тоқаевқа арнады

Қазбек Сағын ММА турниріндегі жеңісін Тоқаевқа арнады

Қазбек Сағын ММА турниріндегі жеңісін Тоқаевқа арнады
ашық дереккөзі
Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында Naiza 48 промоушені аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өткізді деп хабарлады turkystan.kz.  Жарыста Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Қырғыз Республикасы, Жапония, Бразилия, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген спортшылар бақ сынады. Спорттық іс-шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.  Өңір басшысы салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе оған жастарды тартудағы халықаралық турнирдің маңыздылығын баса айтты. 24 спортшының қатысуымен барлығы 12 жекпе-жек өтті. Ақтөбелік жауынгерлер рингке ел Президентінің портреті бейнеленген футболкалармен шықты. Кештің басты жекпе-жегінде Naiza лигасының белбеуі үшін 53 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы, қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын және британдық файтер Джон Шинк кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша DAR Team кәсіби клубының жауынгері Қазбек Сағын чемпиондық белбеу иегері атанды. Спортшы жеңісін Мемлекет басшысына арнады.
«Командаға, бапкерім Азиз Разыевке алғыс білдіремін. Біз нағыз батыр халықпыз. Әрқашан байрақты бәсекелерде көк туымызды желбіретуге дайынмын. Бүгінгі жеңісімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, әскери міндеттін орындап келген азамат ретінде еліміздің Бас қолбасшысына арнаймын», - деді Қазбек Сағын.
Сондай-ақ жаңа чемпиондық белбеудің иегері отбасы мен ата-анасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.