Жаңалықтар

Қазақстанға көрші мемлекеттерде жер сілкінді

ашық дереккөзі

Қазақстанға көрші мемлекеттерде жер сілкінді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 21 қарашада Алматы уақыты бойынша 18 сағат 30 минутта және 19 сағат 34 минутта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлады turkystan.kz. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 290 шақырым жердегі Қытай территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 4,1. Эпицентр координаттары 40,63° солтүстік 77,52° шығыс, тереңдігі - 10 км. Тағы бір жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 525 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары 39,49° солтүстік 73,03° шығыс, тереңдігі - 10 км. Жер сілкінісінің елімізде сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.