«Универсиада – 2017» ойындарына сатып алынған билеттер арасында ұтыс ойыны өтті

«Универсиада – 2017» ойындарына сатып алынған билеттер арасында ұтыс ойыны өтті

«Универсиада – 2017» ойындарына сатып алынған билеттер арасында ұтыс ойыны өтті
ашық дереккөзі
2017 жылдың 11 қаңтарына дейін «Универсиада – 2017» ойындарына сатып алынған билеттер арасында өткізілген ұтыс ойынының бірінші кезеңі аяқталды. Бағы жанған 12 адам Универсиада ұйымдастырушыларынан және Қысқы ойындардың ресми серіктестерінен бағалы сыйлықтарды алмақ. «Универсиада-2017» ұтыс ойыны­ның бірінші кезеңінде ұтқан билеттердің тізімі 2017 жылы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы универ­сиаданың ресми сайтында және Facebook парақшасында (https://www.facebook.com/ Almaty2017 WU/ ?fref=ts) жарияланды. Ұйымдастырушылардың ха­бар­­­­­­лауынша, ұтыстарды алу үшін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы универсиада дирекциясына мына мекенжай бойынша хабарласу қажет: Алматы қ., Байзақов к., 280, солтүстік мұнара немесе 8 (727) 313 23 25 телефонына қоңы­рау шалуға болады. 2016 жылдың 20 желтоқса­нында басталған жүлделердің ұтыс ойыны екі кезеңде өткізіледі. Уни­версиада аясындағы спорттық оқи­ғаларға билет сатып алған жасы 18-ден асқан кез келген Қа­зақстан Республикасының аза­маты ұтыс ойынына қатыса алады. Ұтыс ойын сатып алынған би­леттің бірегей тоғыз таңбадан тұратын нөміріне қарап өткізіледі. Шақыру билеттері және құны жоқ билеттер ұтыс ойынына қатыса алмайды. 2017 жылдың 8 ақпанына дейін сатып алынған билеттердің бар­лығы ұтыс ойынының екінші ке­зеңіне қатысады. Екінші кезеңде Саппородағы Азия ойындарына 2 саяхат, сондай-ақ «Базис-А» кор­порациясының ұсынып отырған супер жүлдесі – «Алмалы» тұрғын ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтер ұтысқа салынады. «Алмалы» тұрғын ауданы «Ба­зис» құрылыс компаниясы салған Универсиаданың бас нысаны – Almaty Arena мұз сарайының қарсы жағында орналасқан. «Ба­зис-А корпорациясы» ЖШС бас­қарма төрағасы Павел Белович «Aлматы-Aрена» мұз сарайын са­лып жатқан кездің өзінде осы ау­данның даму келешегі жоғары деп бағаланғанын атап өтті. – Біз дамып жатқан ауданның әлеуетін байқап, Универсиада бас нысанының қарсы жағында жаңа әрі жайлы «Алмалы» тұрғын ауданын салу жөнінде шешім қа­былдадық. Оның үстіне, ха­лықаралық жарыстарға билет сатып алғандар арасындағы ұтыс ойыны кезінде бас жүлде ретін­де «Алмалыдағы» пәтерді ұсыну ай­рықша мәнге ие болады деп есеп­тедік, – дейді Павел Белович.