Нидерланды құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Нидерланды құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Нидерланды құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
ашық дереккөзі
Нидерланды құрамасы футболдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Нидерланды футболшылары мундиальдағы алғашқы ойынын Сенегал құрамасына қарсы өткізді. Африкалық команданың жұлдызы Садио Мане жарақатына байланысты турнирден шет қалған болатын. Соған қарамастан Сенегал құрамасы кездесу соңына дейін 0:0 есебін ұстап тұрды. Нидерланды командасына қарағанда қауіптірек шабуылдады. Ойын тағдыры матч соңына қарай шешілді. 84-минутта Коди Гакпо айып алаңына асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттады. Бұл нидерландтық футболшылардың қақпаға дәл жасалған алғашқы соққысы болатын. Ал кездесудің бітуіне 20 секундтай қалғанда Дэви Классен матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 2:0. Сенегал сенсация жасауға өте жақын болған, бірақ жеңіліп қалды. Командалар келесі кездесуін 25 қарашада өткізеді. Нидерланды мен Эквадор топтағы бірінші орынға таласады. Ал Сенегал турнир қожайыны Қатармен кездеседі.