Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне берген уәдесі жайлы айтты

21 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне берген уәдесі жайлы айтты Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың атқарған ілкімді істері жайлы жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қол қусырып жылай бергенмен пайда жоқ, өзімді жаймен қолға алып, бүгін Қайрекеңнің қандай адам болғанын, қандай іс атқарғанын айтып бергім келеді. Жаза берді-ау деп көп көрмеңіздер, қолымнан келетіні осы ғана. Ұрпағына үлгі, туған-туысқа естелік болса деймін. Жаратқанның құдіретін айтам, дәл сол мектеп құрылысы жүріп жатқанда Сағадатқа, балабақша құрылысы басталғанда Сардарыма аяғым ауыр болған екен. Істеген игі істерің барда – сенің атың ешқашан өшпес. Мен уәдемде тұрып, сен салған мектеп пен балабақшаны әрі қарай қолдауға, дамытуға сөз  беремін» деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.