«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС салуға қатысу мүмкіндігіне пікір білдірді

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС салуға қатысу мүмкіндігіне пікір білдірді

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС салуға қатысу мүмкіндігіне пікір білдірді
ашық дереккөзі
Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев компанияның Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысу ықтималдығы туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз әрдайым тапсырыс берушінің қолындамыз. Тапсырыс берушіге, Қазақстан басшылығына қалай қолайлы болса, жобаны солай икемдеп, солай жұмыс істейміз», - деді ол Ресейде өтіп жатқан «АТОМЭКСПО-2022» атты халықаралық форумда.
Сондай-ақ, Алексей Лихачев «Росатомның» Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
«Біз үшін Қазақстанмен әріптестіктің орны бөлек. Тарихи тұрғыдан алсақ, біз бір «атом әулетінен» тараймыз. Қазақстанда атом жобасын лезде әрі тиімді жолға қоятын мамандар аз емес. Бірақ тағы бір қайталап айтқым келеді, бұл жобаның келешегін тек тапсырыс беруші тарап қана, яғни Қазақстан Президенті мен Үкіметі шешеді», - деді Алексей Лихачев.