Талдықорғанда оқушылар тапанша мен оқ-дәрілер тауып алған

Талдықорғанда оқушылар тапанша мен оқ-дәрілер тауып алған

Талдықорғанда оқушылар тапанша мен оқ-дәрілер тауып алған
ашық дереккөзі
Талдықорғанда жұмысы тоқтап тұрған зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны мектеп оқушылары 11 жастағы Мейір Мұхтарұлы мен 9 жастағы Валентин Артеменко байқап қалған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 ПМ (Макаров тапаншасы) және 30-дан астам патрон тәркіледі. Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді. Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарына алғыс білдірді.
«Облыс полицейлері атыс қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде күдік болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Бұл ретте адамды қамауға алу кезінде, сонымен қатар анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында олардан алынған қару «өз еркімен тапсыру» деп танылмайтынын ескеретеді», - делінген хабарламада.