Жаңалықтар

Қазақстандық тауарлардың павильоны ашылады

ашық дереккөзі

Қазақстандық тауарлардың павильоны ашылады

Биыл 8 наурызда ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында «Ұлы Дала» атты қазақстандық тауарлардың павильоны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аталған нысан елорданың сол жағалауында ашылады. Үш қабатты павильонға Қазақстандағы 200-ге тарта брендер қойылады. Бұның барлығы – экспортқа шығарылатын қазақстандық тауарлар. Бірінші қабатта тек отандық өнімдер ғана қойылады. Екінші қабатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің өнімдері қойылса, үшінші қабатта дегустациялық зал болады. Сол жерге келген қонақтардың барлығы қазақстандық тауарлардың дәмін тата алады», – деді «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева.