Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті
ашық дереккөзі
Биыл қаңтар-қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі құндық мәнде 112 млрд теңге болды деп хабарлады turkystan.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. Шымкентте дәрі көп өндірілген, 46 млрд теңгеге жетті. Жетекші өңірлердің үштігіне Алматы облысы (31,1 млрд тг, жылына 23,4% өсім) және Алматы қаласы (16,2 млрд тг, 7,7% өсім) кірді. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елге 1 млрд доллар сомасына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Заттай өсім 17,3%, ақшалай өсім 25,8%-ға тең. ТМД елдерінен 101,3 млн доллар сомасына 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорттың негізгі көлемін Ресей алады: 4,6 мың тонна дәрі-дәрмек алынды, бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,6%-ға аз. Негізгі жеткізушілердің үштігіне Беларусь пен Украина да кірді. ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстанға 900 млн доллар сомасына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Қытай ҚР үшін негізгі жеткізуші болды: 2,6 мың тонна дәрі-дәрмек алынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді. Биыл қазан айының қорытындысы бойынша, елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті. Бағаның өсімін Алматы тұрғындары қатты сезінді: бірден 17,5%-ға қымбаттаған. Антилидерлердің бестігіне Маңғыстау (17,1%-ға), Ақтөбе (16,7%-ға), Жетісу (16,2%-ға) және Жамбыл (14,4%-ға) облыстары кірді. Ең төмен жылдық өсім Қызылорда облысында байқалды, небәрі 8,9%-ға қымбаттады.