Президент сайлауының нақты нәтижесі қашан шығады?

Президент сайлауының нақты нәтижесі қашан шығады?

Президент сайлауының нақты нәтижесі қашан шығады?
ашық дереккөзі
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Президент сайлауының нақты нәтижесі қашан және қалай шығарылатынын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, аумақтық сайлау комиссиялары дауыстар саналғаннан кейін екі күн ішінде әр өңір бойынша хаттамалардың түпнұсқаларын жеткізуге тиіс. Биылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары Орталық сайлау комиссиясының отырысында бекітіледі, оны өткізетін күн мен уақыт қосымша хабарланатын болады», - деді ол.
Сондай-ақ Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларының атына келіп түскен ресми және барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын айтты.