ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, сайлауда қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен. Алдын ала сайлау қорытындысы төмендегідей:
- Қарақат Әбден – 2,6%;
- Нұрлан Әуесбаев – 2,22%;
- Жигули Дайрабаев – 3,42%;
- Мейрам Қажыкен – 2,53%;
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%;
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%;
- Бәріне қарсымын – 5,8%.