Мәскеуде гүл қоймасы өртеніп, 6 адам қаза тапты

Мәскеуде гүл қоймасы өртеніп, 6 адам қаза тапты

Мәскеуде гүл қоймасы өртеніп, 6 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Ресей астанасы Мәскеудегі Комсомол алаңында орналасқан гүл қоймасы өртеніп, алты адам ажал құшты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Ресейдің Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі тағы бір адамның зардап шеккенін хабарлады. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00 шамасында басталған. Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шықты. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырға құлап, жалын 2,5 мың шаршы метрді құрады.