Жеңілмеген мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Жеңілмеген мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Жеңілмеген мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
Танымал мексикалық боксшы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) аргентиналық Гонсало Корияны (21-6, 8 КО) жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Мексикада өткен айқаста Мунгия қарсыласын үшінші раундта жеңді. Осы жеңістен кейін ол Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы атануға үміткер болды. Алайда Мунгия Әлімханұлымен емес, Головкинмен кездесуге ниетті екенін айтты.
«Иә, біз Джермалл Чарломен кездесуді ұйымдастыра алмадық. Бірақ Геннадий Головкинмен ұйымдастыруға болады. Мен оны жекпе-жекке шақырамын. Мамырда жолыққанша, Головкин», - деді Мунгия.