Өзбекстанда 4 еркін экономикалық аймақ пайда болады
Өзбекстанда 4 еркін экономикалық аймақ пайда болады
Өзбекстанда үш емес, төрт еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) құрылатын болады: Самарқан облысында «Ургут», Ферғана облысында «Қоқанд», Бұхара облысында «Гиждуван» және Хорезм облысында «Хазарасп». Ел президенті Шавкат Мирзияевтың тиісті жарлығы 12 қаңтарда жарық көрді.
Жарлыққа сәйкес, еркін экономикалық аймақтың негізгі мақсаты заманауи өндіріс ошақтарын ашу үшін шетелдік және отандық инвесторларды тарту.
Төрт аймақтың арнайы мәртебесі 30 жыл мерзімге созылады. Осы уақыт аралығында еркін экономикалық аймақта ерекше салық, кеден және валюта жүйесі болады.
Өзбекстанда қазіргі уақытта үш еркін экономикалық аймақ (Навои облысында «Навои», Ташкент облысында «Ангрен» және Жызақ облысында «Жызақ») жұмыс істейді.