Президент сайлауы: үшінші Exit poll нәтижесі жарияланды
Президент сайлауы: үшінші Exit poll нәтижесі жарияланды
Кезектен тыс өткен ҚР Президенті сайлауының үшінші Exit poll нәтижесі белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
«31» телеарнаның тапсырысымен «СОЦИС-А» КӘЗИ «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ сайлауда Exit poll жүргізді.
Сонымен нәтиже мынадай:
Қарақат Әбден – 2,84%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;
Жигули Дайрабаев – 3,68%;
Мейрам Қажыкен - 2,62%;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;
Бәріне қарсымын – 4,22%.
«Қазақстан Президентін сайлау нәтижесінің мониторингі exit-poll әдістемесі бойынша жүзеге асырылды. Барлық аймақ бойынша 379 сайлау учаскесінде 482 мың дауыс берушіден пікір алынды», - деді Әлібек Түймебаев онлайн-телемарафон барысында.
Айта кетейік, бұған дейін «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу институты мен «AMANAT» партиясының Қоғамдық институт саясаты жүргізген Еxit poll нәтижесі белгілі болған еді.