ОСК: 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді

20 қараша, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
ОСК: 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді

Президент сайлауында 8 млн 299 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Константин Петровтың дерегінше, аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлерде азаматтардың келуі мынадай: «Жалпы, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы», - деді ОСК төрағасының орынбасары. Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.