Сайлау күні елімізде 634 сәби дүниеге келді
Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін, 20 қараша - сайлау күні елімізде 634 кішкентай дүниеге келді.
Оның ішінде 6 егіз бар.
Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.