Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты басталды

Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты басталды

Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты басталды
ашық дереккөзі
Әлем жұртшылығы асыға күткен доп додасы басталатын уақыт жақын. Қазір жанкүйерлер Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатын тамашалайды. Сонымен, биылғы доп додасының ерекшелігі – алғаш рет қыс мезгілінде өтуі. Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады. Қатар дүбірлі доданы ұйымдастыруға өтініш берген уақытта елде небәрі бір стадион бар болатын. Қазірге дейін жаңадан 7 стадион бой көтерді. Оған қоса, 100-ден аса қонақүй мен бірнеше шақырым жол салынды. Бірқатар ақпарат көздерінде жарысты ұйымдастыруға 200 млрд доллар жұмсалғаны айтылуда. FIFA мәліметінше, Әлем кубогінің жүлде қоры – 440 млн доллар. Жеңімпаз тұғырына көтерілген құрама – 42 млн, күміс жүлдегер – 30 млн, 3-орын иегері 27 млн долларға қол жеткізеді. Ал 4-орын иегері – 25, 5-8 орын алғандардың әрқайсысы – 17, 9-16 орын аралығында болғаны – 13, 17-32-орындағылар 9 млн доллардан алады. Чемпионаттың ашылу салтанатынан кейін Қатар және Эквадор құрамалары алғашқы ойынды өткізеді. Кездесу барысында италиялық Даниэле Орсато бас төреші қызметін атқарады.